Жеке көмек

«Қорқыт Ата» әуежайы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ұшақтан тіркелу, отыру және түсу кезінде дербес көмек көрсетеді.

Тасымалдауды ұйымдастыру қызметінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған (екі бірлік) арба бар.

Сондай-ақ, «ЛАМА-УЛП» баспалдақ көтергіші, әуе кемесінің бортына және кері қарай арнайы Көтеру/түсіру механизмі бар.

Аэровокзалда көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған тактильді жол орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жабдықталған үш дәретхана бөлмесі бар.

Аэровокзал кешенінің кіреберістері мен шығулары пандустармен жабдықталған. Әуежай қызметкерлері жүріп-тұру кезінде қиындықтарға тап болған жолаушыларға барынша көңіл бөледі, қажетті рәсімдерден жылдам өтуін қамтамасыз етеді:

– тіркеуден өтуге көмек көрсетеді;;

– өкілмен келісім бойынша әуе кемесінің салонында олардың қажеттіліктерін барынша ескеретін арнайы арналған орындарды бөледі;

– мүгедектер арбасы беріледі;;

– жолаушыны ұшаққа тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етеді;

Автотұрақта мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы тұрақ орындары бар.

Аэровокзал кешеніне кіре берісте мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін әуежай қызметкерлерін шақыру түймесі орнатылған.

ИАТА-коды | Код ИАТА: KZO

ИКАО-коды | Код ИКАО: UAOO

Координаттары | Координаты: 44°42′25″ с. ш. 65°35′33″ ш. б. | 44°42'25" С. Ш. 65°35'33" в. д.

Жолаушылар ағыны | Пассажиропоток: 200 000-нан астам | более 200 000

Жұмыс уақыты | Режим работы: 08:00-17:00

Байланыс | Контакты

Қабылдау бөлмесі | Приемная: 8 7242262365

Факс: 8 7242261861

Справочный отдел | Анықтама бөлімі: 8 7242 263929

ATFN: УАООПДУ

120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда Қ.Ә., Қызылорда қ., Жаңадария Коныс, № 126 ғимарат

120008, Республика Казахстан, Кызылординская область, Кызылорда Г.А., г. Кызылорда, Урочище Жанадария, здание № 126