Аналитикалық анықтама

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қорқыт Ата Әуежайы «АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Қорқыт Ата әуежайы «акционерлік қоғамы (бұдан әрі – әуежай).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негізі:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес «Қорқыт Ата Әуежайы «АҚ директорының әуежай объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2022 жылғы қаңтар.

 

Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі:

2021 жылғы 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

 

Әуежай қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер:

Әуежай өз қызметін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-ІІ «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-ⅠⅤ «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына, Кәсіпкерлік Кодекске, «Табиғи монополиялар туралы» ҚРЗ-ға, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жүзеге асырады, сондай-ақ, әуежай қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды (Қағидалар, нұсқаулықтар, регламенттер, ережелер) басшылыққа алады.

 

Әуежайдың ұйымдастыру-басқару қызметі:

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысу бағыты бойынша:
2021 жылы штат саны – 197 бірлікті құрады, іс жүзінде нақты саны – 178 адам.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған – 30 жұмыске; шығарылған – 36, оның ішінде:

– жұмыскердің бастамасы бойынша 32;

– зейнеткерлік жасқа жету бойынша 1;

– еңбек шарты мерзімінің аяқталуына орай 2;

– теріс себептер бойынша 1.

Аталған кезеңде 45 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа тартылған қызметкерлер тіркелген жоқ, сотталғандар жоқ. Әуежайдың кадрлық резервінде 12 қызметкер бар.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша:
Жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.

Әуежай қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер фактісі бойынша жеке немесе заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Еңбек даулары кезінде мүдделер қақтығысын шешу үшін жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінен тұратын тұрақты комиссия жұмыс жасайды. 2021 жыл көлемінде өтініштер және / немесе еңбек даулары болған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ қызметкерлердің жалпы мінез-құлық қағидаларын сақтау мақсатында әуежай сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген және бекітілген саясатты басшылыққа алады. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі мен шарттары кадр резерві туралы Ережемен регламенттелген. Тиімді басқаруды және тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету үшін әуежай тәуекелдерді басқару саясатын басшылыққа алады.

 

Қызмет көрсету желісі бойынша:
Әуежай қызметінің негізгі мақсаты халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, пошта мен жүктерге тұрақты, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Ұсынымдар:

«Қорқыт Ата Әуежайы «АҚ құрылымдық бөлімшелерінің 2022 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 

 

Әуежайдың сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

жұмыс тобының жетекшісі,

ұйымдастыру және құқықтық мәселелер

бөлімінің басшысы Т.Абдрашов

ИАТА-коды | Код ИАТА: KZO

ИКАО-коды | Код ИКАО: UAOO

Координаттары | Координаты: 44°42′25″ с. ш. 65°35′33″ ш. б. | 44°42'25" С. Ш. 65°35'33" в. д.

Жолаушылар ағыны | Пассажиропоток: 200 000-нан астам | более 200 000

Жұмыс уақыты | Режим работы: 08:00-17:00

Байланыс | Контакты

Қабылдау бөлмесі | Приемная: 8 7242262365

Факс: 8 7242261861

Справочный отдел | Анықтама бөлімі: 87242 401003

ATFN: УАООПДУ

120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда Қ.Ә., Қызылорда қ., Жаңадария Коныс, № 126 ғимарат

120008, Республика Казахстан, Кызылординская область, Кызылорда Г.А., г. Кызылорда, Урочище Жанадария, здание № 126