Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қорқыт Ата» әуежайы» акционерлік қоғамның (Әуежайы) жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметін көрсету қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»
«Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ-ы директорының 02.12.2022 ж. № 220 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен жүргізілді.

Әуежайы қызметінің негізгі мақсаты халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әуе кемелеріне, жолаушыларға, жолжүкке, поштаға және жүктерге тұрақты, қауіпсіз және тиімді  қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ дербес шаруашылық қызметті іске асыру барысында кіріс алу болып табылады.

Әуежайы  жолаушылар және жүк тасымалдарына қызмет көрсету қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасындағы ұсыныстарды орындау бойынша келесі іс-шаралар атқарылған

Жолаушылар және жүк тасымалдау қызметінің жұмыскерлеріне жүйелі негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Бос орындарға ашық түрде бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурста хабарландырулар жариялап, жұмыспен қамту орталықтарына өтінімдер жолдау арқылы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы талаптардың сәйкестігін қамтамасыз ету және Әуежайы мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында бос лауазымына қызметкерлерді қабылдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау  нәтижелерін консультативтік кеңесші орган отырысында қаралды.

ИАТА-коды | Код ИАТА: KZO

ИКАО-коды | Код ИКАО: UAOO

Координаттары | Координаты: 44°42′25″ с. ш. 65°35′33″ ш. б. | 44°42'25" С. Ш. 65°35'33" в. д.

Жолаушылар ағыны | Пассажиропоток: 200 000-нан астам | более 200 000

Жұмыс уақыты | Режим работы: 08:00-17:00

Байланыс | Контакты

Қабылдау бөлмесі | Приемная: 8 7242262365

Факс: 8 7242261861

Справочный отдел | Анықтама бөлімі: 8 7242 263929

ATFN: УАООПДУ

120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда Қ.Ә., Қызылорда қ., Жаңадария Коныс, № 126 ғимарат

120008, Республика Казахстан, Кызылординская область, Кызылорда Г.А., г. Кызылорда, Урочище Жанадария, здание № 126